Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының инвестицияларды тарту бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Облысқа инвестициялар тарту, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру; Абай облысының аумағында бірыңғай мемлекеттік Инвестициялық саясат жүргізу.Туризм саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету.Тартылатын инвестицияларға мониторинг және талдау жүргізу, облыс аумағында туристік қызмет саласында үйлестіруді жүзеге асыру. Инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру мониторингі, өңірлік бағдарламалар мен туризмді дамыту жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында мемлекеттік және жеке қаржы институттарымен және ұйымдармен жұмыс, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру және мониторингілеу.Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференция алуға үміткер кәсіпкерлер мен инвестициялық жобалардың бастамашыларына консультациялық көмек көрсету.Қаржыландыруды қажет ететін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу. Облыстың туристік саласын дамытуға, оның ішінде туристік қызметтер нарығы бойынша талдау жүргізу және уәкілетті органға облыс аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат беру. Облысқа инвестиция тарту мәселелері бойынша Абай облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау. Облыс аумағын дамыту Бағдарламасының нысаналы индикаторларын, бөлімнің құзыретіне кіретін туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын әзірлеу және мониторингілеу.Өңірде инвестиция тартуға және туризмді дамытуға ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізу.Облысты индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен, сондай-ақ өңірде инвестициялар тарту және туризмді дамыту мәселелері бойынша салалық басқармалармен өзара іс-қимыл жасау.Ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау, облыс әкімдігінің отырыстарында, облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшысының жанындағы кеңестерде жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша қарау үшін баяндамалар, шешімдер мен өкімдердің жобаларын әзірлеу.Орталық атқарушы органдарға және өзге де жоғары тұрған ұйымдарға хаттар дайындау.Облыс әкіміне инвестициялар тарту мәселелері бойынша бөлімнің бақылауындағы хаттамалық шешімдердің, Үкімет тапсырмаларының орындалуын бақылау.Облыс әкіміне, Басқарма басшысына бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жолданған азаматтардың өтініштері мен шағымдарына жауаптар дайындау. Өңірде инвестициялар тарту және туризмді дамыту мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының комиссияларының, жұмыс топтарының және кеңестерінің жұмысына қатысу.Бөлімнің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау.