Шетел жұмыс күшін тарту бөлімі
Жалпы ақпарат
Халықтың көші-қонының мемлекеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Жұмыс берушілердің ұсынған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін жинақтайды. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысына материалдарды әзірлейді және хаттамаларын жүргізеді. Шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жасақталған алдағы жылға арналған квотаны тиісті мемлекеттік органға ұсынады. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу, рұқсаттың мерзімін ұзарту және рұқсатты қайта ресімдеу үшін ұсынылған шетелдік азаматтар туралы ақпаратты жүйелі және сапалы түрде «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесі базасына енгізеді.