Ұйымдастыру- құқықтық мәселелер, спортты дамыту және спорттық имараттарды бақылау жөніндегі бөлім

    Бөлім туралы

    Стратегия, мемлекеттік, салалық бағдарламалар ("дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) шеңберінде дене шынықтыру мен спортты дамыту проблемалары жөніндегі перспективалық, ағымдағы, нысаналы және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру; облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын әзірлеу және іске асыру. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.

    Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

    Спорт шеберлігіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын береді.

    Спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар өткізеді, әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларды дайындауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді. Атырау облысы аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықаралық, өңіраралық және ішкі спорт байланыстарын жүзеге асырады.

    Аудандық және қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін, облыстық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді. Дене шынықтыру және спорт субъектілеріне және облыстың спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.