Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Бақылау объектілерінде бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатында, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына ішкі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау іс-шараларының жоспарын (басшылықтың бұйрығымен әзірлейді) бекітіп, бекітілген жоспарға сәйкес, бақылау объектілеріне ішкі бақылау жұмыстарын 10 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түскен шағымдарын 5 жұмыс күні ішінде бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінің бұзылуына талдау ай сайын жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды.
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның, ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарына қатысады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында ұсыныстар енгізеді.
Бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде мерзімдердің және (немесе) тәртіптің бұзылуы, сондай-ақ негізсіз бас тарту анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің аумақтық департаментін хабардар етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде, талдамалық анықтаманы жалғай отырып, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы есебін тоқсан сайын беруді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі техникалық ақаулықтарды жою және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ филиалдары өзара іс-қимыл жасайды.