Ақкөл ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі
Бөлімнің міндеттерін орындау үшін жауапкершілік. ҚР Президентінің, Үкімет актілерін, аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру, аумақтық, АҚ және ТЖ мәселелеріне қатысты шешімдері мен өкімдерінің орындалуының жүзеге асырылуын бақылау және тексеру. Мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелерден келіп түскен, оның ішінде «қызметтік пайдалану үшін», «құпия» деген белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындау және жауапты болу. Өте құпия, құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету. Аудан әкімі мен әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамалық тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалары өтініштерін орындау. Жоғарғы органдардың нормативтік актілерін орындау, шешімдер мен өкімдердің жобаларын дайындау, жиналыстар мен кеңестер, комиссия мәжілістерін дайындау, оны өткізуге қатысу, аудан әкімінің және әкім орынбасарларының, аппарат жетекшісінің өзге де тапсырмаларын орындау. Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментпен өзара іс-қимылда болу. Қысқы кезеңде және өрт қауіпті кезеңде табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға арналған АҚ және ТЖ қызметтерінің бірлескен іс қимыл жоспарын әзірлеу және жасау. Су тасқынына қарсы, қысқы кезеңдерде және басқа ТЖ кезінде іс-шаралардың өткізу және бақылау. Кезекшілікті ұйымдастыру, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру. ТЖ салдарын болдырмау және жою кезінде әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелердің өзара іс-қимылын жүзеге асыру. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Жұмылдыру жоспарын әзірлеу және бекіту. Аудан шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шаралар өткізу. Жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру кезеңіне, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу. Жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлімге олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланғандағы жұмысына ықпал көрсету, әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысу. Әскери міндеттілерді брондау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Жергілікті атқарушы органында әскери есепке алуды жүргізуді бақылау. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында аудан шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету. Әскери шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, техниканы құрама пункттерге немесе әскери бөлімдерге жеткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында аудан экономикасын және мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру. АҚ және ТЖ саласындағы басқа да функцияларды орындау.