Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі
Жұмылдыру дайындығы және ауданды жұмылдыру, сондай-ақ аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, аудан экономикасын және мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен кәсiпорындарды жұмылдыру жағдайында, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмыс iстеуге көшiру жөнiндегi кешендi iс-шараларды iске асыру жұмыстарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында уәкiлеттi органмен ауданның жұмылдыру жоспарларын және аумақтық қорғаныс жоспарларын келiсу. Құзыреттiлiгiнiң аясында орталық атқарушы органдармен және олардың аумақтық бөлiмшелерiмен, мемелкеттiк органдармен, ұйымдармен және кәсiпорындармен өзара әрекет етудi қамтамасыз ету. Республикалық, облыстық және аудандық штабтық жаттығуларды, жұмылдыру және аумақтық қорғаныс саласында оқуларды дайындау және өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiнде оның салдарын жою және шығынын төмендету бойынша шараларды әзiрлеу және шаралар қабылдау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру. Апаттарды, төтенше жағдайларды тексерiп-тергеуге қатысу. Аэроғарыштық қызмет саласындағы қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шараларды үйлестiру.