«Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі»

    Об отделе

    Бөлімнің негізгі функциялары:

    Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, облыс және қала әкімдерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, азаматтарды әскери қызметке шақырудың, азаматтық қорғаудың, сондай-ақ аумақтық және азаматтық қорғаныстың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

    Қаланы жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру, азаматтық қорғау, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жүргізу;

    Жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсету, әскери-экономикалық, республикалық және облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу және басшылық ету;

    Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

    Қаланың жұмылдыру жоспарларын, аумақтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу және уәкілетті органмен келісу, сондай-ақ қаланың аумақтық қорғанысы және жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

    Уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізу.

    Бөлімнің міндеті: құқық қорғау органдарымен және әскери құралымдармен, мемлекеттік органдармен жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтарды әскери қызметке шақыру, азаматтық қорғау, сондай-ақ аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

    Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

    1) бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімі аппаратының басшылығына жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, азаматтарды әскери қызметке шақыру, азаматтық қорғау, сондай-ақ аумақтық және азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;

    2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

    3) Жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жіберілген өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауап беруге;

    4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.