Жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру бөлімі
Терроризмге қарсы комиссия жұмысы жоспарларының жобаларын, бөлімнің тиісті кезеңдерге арналған жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу. Бір жылға арналған жеке жұмыс жоспарын әзірлеу. Терроризмге қарсы комиссия отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету. Өз құзыретінің шегінде ауданның терроризмге қарсы комиссиясының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, терроризмге қарсы комиссия төрағасын уақтылы хабардар ету, терроризмге қарсы комиссияның отырысына неғұрлым өзекті мәселелерді енгізуге бастамашылық жасау үшін Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының желісі бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдарынан түскен ақпараттың мониторингін және талдауын жүргізу. Терроризмге қарсы комиссиясы мүшелерінің Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының желісі бойынша қабылданатын нормативтік құқықтық актілерін орындауын, комиссия отырыстарына анықтамалық материалдарының уақтылы дайындалуын және ұсынылуын бақылау. Терроризмнің алдын алу саласында ахуалдың дамуына әсер ететін аудан өңірлеріндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де үдерістер туралы ақпаратты талдау, терроризмге қарсы комиссияға оның көрінісіне мүмкіндік жасайтын себептер мен жағдайларды жою жөнінен ұсыныстар дайындау. Мүдделі мемлекеттік және өзге де органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасы азаматтарының, соның ішінде құпия ұстаушылардың шет елге шығуына байланысты, терроризмнің алдын алу және сақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Терроризмге қарсы комиссияның Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен терроризм мен діни экстремизм идеологиясына төзбеушілікті насихаттау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Басшылықтың тапсырмасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Террористік және діни-экстремистік ұйымдар тарапынан туатын қауіп-қатерді уақтылы анықтау мақсатында белгіленген тәртіпте өңірге келетін елшілік және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесулерге тікелей қатысу. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби шеберлігі деңгейін және біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау.