Жұмылдыру дайындығы және аумақты жедел жабдықтау бөлімі
Жалпы ақпарат
Жұмылдыру дайындығы және аумақтарды жедел жабдықтау бөлімі туралы
Жұмылдыру дайындығы және аумақты жедел жабдықтау бөлімі «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғауды басқару» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және құқық қорғау органдарымен, әскери құралымдармен, аудандармен, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтарды жедел жабдықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Қорғаныс мүддесінде инфрақұрылымды және өзге де құрылыстарды дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Құқықтары мен міндеттері:
- Бөлімнің құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ аумақтарды жедел жабдықтау саласындағы қызметті жетілдіру бойынша басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;
- Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге.
Функциялары:
- Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- Жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде атқаратын жұмыстарында жәрдем көрсетеді;
- Әскери міндеттілерді броньдау бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
- Мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмыс істеу режиміне көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенінің іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- Шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, техниканы жеткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждары үшін олардың басқаруындағы облыстық коммуналдық меншікті ұсынады;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының мүдделеріндегі міндеттерді орындау, сондай-ақ жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында экономиканың үздіксіз жұмыс істеуін және Қазақстан Республикасы халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін арнайы құралымдар құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
- Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісілген және бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді;
- Жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасайды;
- Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынады;
- Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
- Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін көздейді;
- Халық арасында жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.