Қостанай ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және терроризмнің алдын алу жөніндегі бөлімі
Азаматтық қорғау іс-шараларының кешенін ұйымдастыруды, ауданның әкімшілік аумағы шегінде басқару органдары мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге ауыстыруды қамтамасыз етеді. Жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарларды әзірлейді, жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді. Ауданның азаматтық қорғау және аумақтық қорғаныс бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Терроризмнің алдын алу саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін аудандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де процестер туралы ақпаратты талдайды. Терроризмнің алдын алу, терроризм көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризм салдарларын барынша азайту және жою жөніндегі шараларды әзірлеуге белгіленген тәртіппен қатысады