Павлодар облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі
Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
№1-міндет: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды ұйымдастыру;
1-ішкі міндет: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау:
функциялары:
2.1 жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді алдын ала қарау, талдау, қабылдау және тіркеу:
қағаз түріндегі, оның ішінде «Қазпошта» АҚ арқылы, сондай-ақ Бөлімге қолма-қол;
электрондық форматта Павлодар облысы әкімдігінің веб-сайты, egov.kz Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы;
2.2 мәселелердің сипатын айқындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды қарау және жауап беру үшін құрылымдық бөлімшелерге, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберу немесе қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген өтініштерден басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілетін проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастыру;
2.3 мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру;
2.4 Бөлім құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жауаптарының сапасын және олардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімнің бақылауындағы шараларын талдау;
Бөлім құзыреті шеңберінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жауаптарын сапасыз орындалған жағдайда пысықтауға жіберу;
2.5 Бөлім құзыреті шеңберінде және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау өтініш берушілерге жауаптар жолдау;
2.6 Бөлім құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс жүргізуді және есепке алуды ұйымдастыру.
2-ішкі міндет: азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру:
функциялары:
2.7 облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу және жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
2.8 Бөлім құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсету;
2.9 әкім аппаратында немесе облыстың басқа елді мекендерінде, оның ішінде бейнеконференцбайланыс форматында жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды ұйымдастыру;
2.10 жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты мониторингтеу.
№2-міндет: келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
функциялары:
2.11 өтініштерді контент-талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасау;
2.12 аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелер мониторингі, проблемалық мәселелер картасын қалыптастыру. Әкімнің кеңесшісіне келіп түскен өтініштерді талдау үшін ақпарат беру, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды жою бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу;
2.13 облыс әкіміне Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының және басқа да мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау бөлігіндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндамалары мен талдамалық жазбалардың жобаларын жарты жылда бір рет дайындау;
№3-міндет: мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
функциялары:
2.14 өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
2.15 Жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімімен өзара іс-қимыл жасау;
№4-міндет: жергілікті атқарушы органдардың өтініштерді қарау шеңберінде берілген тапсырмаларды уақтылы және толық іске асыруын бақылау;
функциялары:
2.16 облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың өтініштерді қарау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
2.17 орындаушылық тәртіпті нығайту бойынша ұсыныстар енгізу;
2.18 өтініштерді қарау барысын орындау орнына барып тексеру;
2.19 өтініштердің орындалу сапасы мәселелері бойынша лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Азаматтарды қабылдауға жазу Қазақстан Республикасының «egov.kz» «Электрондық үкіметі» порталы, әлеуметтік аккаунттар (инстаграмм - @pavlodar_region, фейсбук – @pavlodarregion және WhatsApp нөмір - +77021661661), облыс әкімінің блог-тұғырнамасы, Open диалог, (87182) 65-10-50, 66-39-96, 65-10-46, 66-39-25 телефондары арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ жазбаша жүгінуге болады.
Қабылдауға жазылу үшін өтініш беруші келесі ақпаратты беру керек(АЖТ, поштасы, байланыс телефоны)және сұрақтың қысқаша мазмұны.