Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімі
Жалпы ақпарат
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімі Ақтөбе облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеті - азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және олардың қаралуын бақылау.
Бөлім өтініштерді қағаз және электрондық түрде тіркейді, оларды құзыретке сәйкес бөліп, қаралуын қадағалайды, жергілікті атқарушы органдардың жауаптарының сапасын талдайды, қажет болған жағдайда түзетулер енгізуді ұйымдастырады, консультативтік көмек көрсетеді және құжат айналымын жүргізеді. Сонымен қатар, бөлім азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке қабылдауын ұйымдастырады.