Алматы қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі
Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бөлім басшысы басқарады.
Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін құрылымдық Бөлімнің бас инспекторларының бірі орындайды.
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда - оны алмастыратын тұлға қол қояды.