Кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану, экологиялық сараптама және су қорғау бөлімі
Кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану бөлімінің (бұдан әрі - бөлім) негізгі міндеті кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі - КПҚ) өндіру және кен іздеушілік бойынша операциялар өткізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру болып табылады.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды іске асырады:
1) КПҚ келiсiмшарт жасайды;
2) КПҚ өндiруге және кен іздеушілікке лицензиялар береді;
3) КПҚ өндiруді және кен іздеушілікті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттық мiндеттемелерін, лицензияларының орындау шарттарына бақылауды жүзеге асырады;
4) жер қойнауын пайдалану мәселелерiн шешу жөнiндегi сараптау комиссиясының отырыстарын, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша келіссөздер жүргізу жөнінде Жұмыс тобының отырыстарын өткізеді;
5) 4 (төрт) мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тіркеу;
2) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;
3) болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
4) кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру