Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлім

    Жалпы ақпарат

    Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлім ұйымдағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады. Бөлім ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық шараларды үйлестіреді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
    Бөлімнің негізгі қызметіне ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, тәуекелдерді бағалау, ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің алдын алу, анықтау және оларды жою жөніндегі іс-шараларды үйлестіру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бақылау және бағалау кіреді.