Жастар және отбасы істері жөніндегі бөлім

    Жалпы ақпарат

    "Бекітемін"
    Павлодар облысының Ақпарат

    және қоғамдық даму басқармасы басшының м. а.

    _________________ Р. Тлеулесов

    "Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" ММ

    жастар және отбасы істері бөлімінің

    ЕРЕЖЕ

    І. Жалпы ережелер.

    1.1. Жастар және отбасы істері бөлімі (бұдан әрі-бөлім) заңды тұлға құрмай Басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    1.2. Штат саны мен қаржыландыруды басқарма жүргізеді.

    ІІ. Бөлімнің миссиясы, мақсаты, пәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

    2.1. Бөлімнің миссиясы:
    жастар саясаты саласында жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдауға, жастардың твролық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыруға және жастар арасында азаматтық-құқықтық адамгершілік мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.

    2.2. Бөлімнің мақсаты:
    жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім беру, кәсіби және дене бітімін дамыту, шешімдер қабылдау процесіне қатысу, табысты әлеуметтенуі және оның әлеуетін елдің одан әрі дамуына бағыттау үшін жағдайлар жасау.

    2.3. Бөлім қызметінің мәні:
    облыстық деңгейде жастар саясаты мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру, жастар арасында салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыру және азаматтық-құқықтық адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу

    2.4. Бөлімнің міндеттері:
    1) жастардың құқықтары мен заңды интрестерін қорғау;
    2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
    3) жастар саясаты мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау;
    4) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті, елдің мемлекеттік рәміздерін, оның тарихын, мәдениеті мен халық дәстүрлерін құрметтеуді, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікті нығайту болып табылады.

    2.5. Бөлімнің функциялары:
    1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
    2) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг пен бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді; ;
    3) "Жасыл Ел" бағдарламасы шеңберінде жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығы мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады.
    4) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі.

    2.6. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері
    - басқарма басшысының қарауына үкіметтік емес сектормен жұмыс саласындағы Бөлім қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, әдістемелік және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
    - бөлімнің міндеттері мен функцияларын орындаумен байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте Басқарманың басқа бөлімдерінен ақпарат сұратады және алады;
    - өз құзыреті шегінде басқарма өткізетін іс-шараларға қатысады.

    ІІІ. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру.
    3.1. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
    3.2. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.