Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес

    мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

    төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

    Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамаларының басшыларын, Азаматтық қорғаныс,

    төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты бағдарламалық дайындауды әзірлеу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;

    төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

    өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

    құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;

    төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою іс - шараларына Азаматтық қорғаныс күштерінің, оның қарамағындағы жағдайды қадағалау, бақылау және болжау, төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық - басқару жүйесі қызметіне басшылық ету;

    меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан

    қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық – техникалық ресурстарын жұмылдыру;

    халықты зақымдау құралдарын қолданған жағдайдағы қорғану тісәлдеріне және Азаматтық қорғаныстын топтарына жатқызылған салалардағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс - қимылдарын оқыту;

    Азаматтық қорғанысты тікелей басқару;

    табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру;

    ауданның бейбіт және соғыс уақытына арналған Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, оны тиісті Азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсыну және оны іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыру;

    Азаматтық қорғаныс, Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мүделерінде техниканы, қорғаныс құралдарын және басқа да материалдық- техникалық құралдарды қажет ететіндігін айқындау;

    төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік актілерді, техникалық регламенттерді және әдістемелік нұсқауларды өзгерту және толықтыру жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

    Санатталған шаруашылық ету объектілерінің дәрежесіне қарай Азаматтық қорғаныстың инженерлік- техникалық әс шараларының көлемі мен ұстауы бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;

    Бөлімнің біріңғай ақпараттық – коммуникациялық жүйесін басқару;

    қажетті қауіпсіздік , төтенше жағдайлардың алдын- алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды хабарландыруды ұйымдастырады;

    халықты хабардар ету және байланыс жүйелерін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті ұйымдастыру;

    мониторинг, техногендік авариялар, ықтимал су тасқыны, сел жүру, сырғыма және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы халықты және шаруашылық ету субъектілерін хабарлауды ұйымдастыру;

    мемлекеттік өртті бақылауды жүзеге асыру;

    өртпен күреске олардың ведомстволық бағыныстылығынан тыс елді мекендерде және объектілерде өрт бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;

    мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және кәсіпорындарда өрт өауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

    төтенше жағдайларды жойған кезде меншік нысанына қарамастан авариялық - құтқару қызметтері мен құрамаларының іс - қимылдарын үйлестіру;

    табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халық пен аумақтарды қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою бойынша іс – қимылдар жоспарларын әзірлеу, сондай - ақ оны тиісті Азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсыну;

    өз құзіреті шегінде төтенше жағдайлар туындауға әкеп соққан аварияларға, апаттарға тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;

    өрттерді анықтау мен сөндірудің автоматты құалдарын енгізу жөніндегі іс –шараларды іске асыру;

    Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке және заңды тұлғаның қызметін ішінара немесе толық тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыздарды жасау және сотқа жіберу;

    дала өрттерінің, сондай–ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өқрылмаған ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс –шараларды жүзеге асыру үшін құрылған өртке қарсы қызметтердің, сондай - ақ қоғамдық бірлестіктердің (халықтын ерікті өртке қарсы құрамалары) қызметін үйлестіру;

    өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру;

    өз құзіреті шегінде өрттер туралы істер бойынша анықтау жүргізу;

    өртке қарсы нормалар мен қағида және заңнама талаптарына сәйкестігін анықтауға салынып кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрлыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға беру жөніндегі жұмыс, қабылдау, мемлекеттік қабылдау комиссиялары жұмысына қатысу;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтату, субъектілердің өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асырған, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген қрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағанкезде ғимараттар мен құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;

    адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды, процестерді пайдалануға, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты жағдайларды қоспағанда, бұл бұзушылықтарды жойғанға дейінгі кезеңге тыйым салу;

    газ тұтынушы жүйелер мен тұрмыстық және коммуналық - тұрмыстық газ жабдықтары тұтынушыларды есептемегенде (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандары бар бөлімдерге қатысты), тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

    табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою бойынша іс – қимылдар жоспарларын бекіту;

    шаруашылық жүргізуші объектілердің тұрақты жұмыс істеуін арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралар кешенін бекіту;

    төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттауды ұйымдастыру және жүргізу, халық пен мамандарды оқыту;

    ерікті өртке қарсы құрамалардың басшысы айқындаған ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт орнына жеткізу тәсілін келісу;

    ерікті өртке қарсы құрамалардың тізілімін жүргізу;

    хаттамалық тапсырмаларды, Алқа, Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия қаулыларын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрықтарын іске асыру бойынша Департамент бастығының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау;

    белгіленген талаптарға сәйкес істер номенклатурасын қалыптастыру, құжаттарды мұрағаттық сақтауды ұйымдастыру;

    жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдауды жүргізу;

    мемлекеттік тілді дамыту, іс жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

    Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуын мемлекеттік бақылаулы жүзеге асыру.