Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім қызметінің мақсаты Алматы облысы Талғар ауданы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау іс-шараларының орындалуына, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

    1. Бөлім мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    1) Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Азаматтық қорғаныс ұйымдарының және құралымдарының басшыларын, халықты даярлау бағдарламаларын әзірлеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

    2) Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    5) төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

    6) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

    7) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында төтенше жағдайларды жоюда басшылық жасауды жүзеге асыру;

    8) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларға Азаматтық қорғаныс күштерінің, Алматы облысы Талғар ауданының аумағындағы төтенше жағдайлар бойынша оның қарамағандағы ахуалды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерінің, автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйенің қатысуына басшылық жасау;

    9) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және оларды жою бойынша күштер мен құралдарды қолдануға дайындау мен оларды әзірлікте ұстау;

    10) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымның материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

    11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Департаментке енгізу;

    12) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

    13) терроризмге қарсы операцияларды өткізу жөніндегі аудандық штабтың жұмысына өз құзыреті шегінде қатысу;

    14) аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына өз құзыреті шегінде қатысу;

    15) ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтаумен өз құзыреті шегінде насихаттық және қарсы насихаттық қызмет жүргізу;

    16) халыққа, лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың жұмысшыларына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздік саласындағы білімді, оқытуды ұйымдастыру және насихаттау, оның ішінде қауіпсіздіктің қажетті шаралары туралы ақпараттандыру;

    17) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында ұйымдар басшылары мен халықты қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану кезіндегі қорғану тәсілдеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастыру;

    18) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында Азаматтық қорғаныстың қызметін ұйымдастыруға басшылық жасау;

    19) бейбіт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу

    жөнінде ұсыныстар енгізу;

    20) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында ведомстволық бағынысты ұйымдардың жеке құрамын, ұйымдар және Азаматтық қорғаныс құралымдарының басшыларын, азаматтық қорғаныс бойынша халықты даярлауды ұйымдастыру;

    21) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында басқару органдары мен Азаматтық қорғаныс күштерін даярлауды ұйымдастыру;

    22) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мүдделерінде техника, қорғану құралдары мен материалдық-техникалық құралдар қажеттілігін анықтау;

    23) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында төтенше жағдайлардан халықты, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың жай-күйі туралы баяндаманы дайындау және Департаментке қарауға енгізу;

    24) Департаментке нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге, әдістемелік нұсқауларға және төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс саласындағы стандарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

    25) Департаментке қалалар мен шаруашылық жүргізуші объектілерді санаттау дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және оларды қамту жөнінде ұсыныстар енгізу;

    26) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында жұмылдыру дайындығы және өртке қарсы қызметтің бөлімшелерін жұмылдыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмыстарының тұрақтылығын арттыру, өртке қарсы қызмет органдарының тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеу;

    27) Бөлімде ақпараттық-коммуникациялық жүйе мен бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туралы хабардар ету жүйесін басқару;

    28) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында халықты хабардар ету және байланыс жүйелерін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті, оларды жарақтауды және дамытуды қамтамасыз ету;

    29) техногендік авариялар, ықтимал су басулар мен басқа да қауіпті экзогендік құбылыстар туралы халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізуші объектілерді хабардар ету, мониторингтеу жүйесін ұйымдастыру;

    30) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында елді мекендер мен объектілерде өртпен күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;

    31) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

    32) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында қауіпті өндірістік объектілердегі ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық қондырғыларды, материалдарды уақытында техникалық куәландырудан өткізуді бақылау;

    33) Алматы облысы Талғар ауданының аумағындағы егістік аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерде, мемлекеттік меншіктің тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өртті сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету;

    34) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

    35) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарлар мен оларды жою бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеу;

    36) өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғатын аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;

    37) жеке және заңды тұлғалар қызметтерін тоқтата тұру немесе ішінара немесе толық тыйым салу туралы талап-арыздарды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте және негіздерде жасау мен оларды сотқа жіберу;

    38) Департаментке мемлекеттік және жұмылдыру резервтер құрамында бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстар қорларын пайдалану туралы ұсыныстар енгізу;

    39) Алматы облысы Талғар ауданының аумағында мемлекеттік өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіру;

    40) өрт қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру;

    41) өз құзыреті шегінде өрт бойынша анықтауды жүзеге асыру;

    42) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялар жұмысына қатысу;

    43) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына ұйғарымдар беру;

    44) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен азаматтарға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша міндетті күші бар ұйғарымдар беру.