Қарақия ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
Бөлімнің функциялары:
1) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қаматамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті аумақта азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
6) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын тарту;
8) азаматтық қорғау құралдарынақажеттілікті айқындау үшін Департаментке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
9) тиісті аумақта орналасқан қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
10) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
11) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығына бекіту үшін енгізу;
12) тиісті аумақта төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
13) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Департаменке ұсыныстар енгізу;
14) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;
15) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
16) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
17) қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
18) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымадстыру;
19) тиісті аумақта өртке қарсы және авариялық-құтқару мен құрылымдарының қызметін үйлестіру;
20) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
21) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды жүзеге асыру;
22) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;
23) өрт қауіпсізідігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
24) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
25) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
26) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
27) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлағаларға ұйғарымдар беру;
28) азаматтарға, лауазымды және заңджы тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар беру;
29) субъектілер өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қакупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салу өтініштерді сотқа жіберу үшін материалдарды дайындау;
30) өз құзіреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
31) өз құзіреті шегінде аудандық терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;
32) өз құзіреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
33) өз құзіреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;
34) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларын жүзеге асыру.
15.Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, оллардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
2) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
3) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.