Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі
Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
Басқармада дайындалатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру;
Басқармадағы құқықтық жұмысты әдістемелік басшылықпен қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіру (Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне);
Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіру;
Денсаулық сақтау басқармасының штатын қажетті біліктілігі, дағдылары, тәжірибесі бар персоналмен қамтамасыз ету;
Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;
Өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Уәкілетті органмен және денсаулық сақтау ұйымдарының байқау кеңесімен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастыру (болған жағдайда).