Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әлеуметтік саланы жоспарлау бөлімі
Жалпы ақпарат
Әлеуметтік сала бөлімі (әрі қарай «Бөлім») жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджетті қалыптастыру, ағымдағы кезеңге арналған қалалық бюджетті нақтылау және түзету барысында денсаулық сақтау,әлеуметтік қамтамасыз ету, спорт, ішкі саясат, дін және мұрағат салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің белгіленген тәртіпте ұсынған бюджеттік өтінімдері мен есеп-қисаптарын, бюджеттік бағдарламаларының жобасын қабылдап, сараптама жүргізу және нәтижесімен тиісті қорытынды әзірлеу, қалалық бюджеттік комиссия мен қалалық мәслихаттың қарауына қажетті материалдар (кестелер, баяндама, слайд, анықтама, кітапша, депутаттық сауалнама және т.б.) дайындау.
.