Бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: 1) Ортсайлауком сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылау және оның мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру салаларында біркелкі қолдануын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жөніндегі қызметін ұйымдастырады; 2) Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлауды және республикалық референдумдарды ұйымдастыру және өткізу үшін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының қаржылық қызметін ұйымдастыру; 3) Ортсайлауком қызметін қамтамасыз ету үшін бюджеттік жоспарлауды, бюджеттің атқарылуын жүзеге асыру және бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджеттік есепке алуды жүзеге асыру; 4) «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаржылық қызметін үйлестіру.
Бөлімді Комиссия төрағасының келісімі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім меңгерушісі басқарады.