Жоспарлау және қаржы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Жоспарлау және қаржы бөлімініңнегізгі міндеттері:

    Басқармада және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, нәтижеге бағытталған ашық және теңгерімді бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру. Басқарманың барлық бөлімшелерінің жұмыс істеуі үшін материалдық базаны қамтамасыз ету және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мен игеруді бақылау. Әр бағдарлама бойынша есептеулерді және материалдық шығындардың нақты қажеттілігін есептей отырып, басқарма мен ведомстволық бағынысты мекемелердің алдағы үш жылдық мерзімге арналған бюджеттік өтінімнің орта мерзімді жоспарын қалыптастыру. Бюджет қаражатының уақытылы, дұрыс және тиімді жұмсалуын, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес активтердің, міндеттемелердің болуы мен қозғалысына байланысты операциялар мен оқиғалардың есебін бақылау. Барлық бағдарламалар бойынша жалақыны, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді уақытылы есептеу және аудару.