Перспективалық даму бөлімі. Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
Құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау туралы әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу, қаланың орнықты дамуы үшін қажетті жылу, энергия, газ, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі инженерлік инфрақұрылымды дамыту схемаларын әзірлеуді және бекітуге енгізуді қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде ТЭН-да, ЖСҚ-да энергия үнемдеудің заманауи әдістерін қолдану жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру, жергілікті және республикалық бюджеттерден қаржыландыру жоспарына енгізілген объектілер бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жобалау, салу, сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті материалдар пакетін (техникалық құжаттаманы) дайындауды және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды ұйымдастыру, жобалау ұйымдары қарауға ұсынатын техникалық-экономикалық негіздемелерді (ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу құнының есептерін тексеру, орындалған жұмыстардың жинақтылығы мен сапасы тұрғысынан жобалау-сметалық құжаттаманы тексеру.