Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі
Жалпы ақпарат
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі бөлімініңнегізгі міндеттері тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласы субъектілеріне мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдерін түсіндіру; өндірістің орта мерзімді және облыстық бағдарламаларын дайындау, іске асыру және мониторинг жүргізу; азық-түлік рыногына талдау жүргізу, сыртқы және ішкі азық-түлік рыногындағы жағдайды зерделеу және ақпаратты өнім өндірушілерге жеткізу; облыс өңірлеріне, азық-түлік өнімін өндірушілерге көрме, конкурстар, шығарылатын өнімнің сапасы, түрлері бойынша семинарлар тәрізді өңірлік іс-шаралар өткізуге ықпал жасау; кәсіпорынның инновациялық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.