Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және маркетинг бөлімі

    Об отделе

    Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.

    2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстық азық-түлік өндірісінің көлемі ақшалай түрде 384,7 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 123,7%.

    Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар облыстық өнеркәсіп өндірісінің 41% -ын және өңдеу өнеркәсібінің 47% -ын. өндірді.

    Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 29,1% (112,2 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 14,4% (55,2 млрд. теңге), май саласы 14,1% (54 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру 9% (34,6 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 7,9% (30,3 млрд. теңге), басқа да өнімдер өндірісі 25,5% (98,4 млрд.теңге).

    Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірілді:

    - сүт пен кілегей 183 064 тонна, өткен жылдың деңгейінен 3,4% артық;

    - сары май 6 328 тонна, өткен жылғы деңгейден 11,8% артық;

    - ірімшік пен сүзбе 6134 тонна, өткен жылғы деңгейден 11,2% артық;

    - ашыған сүт өнімдері 17 884 тонна, өткен жылдың деңгейінен 5,4% артық;

    - құрғақ сүт 79 тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 24% - ға артық.

    ҚР АӨСШК Ұлттық статистика бюросының және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында АӨК өнімдерінің сыртқы сауда айналымы 619,9 млн.АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңнен 26,4% - ға артық (456 млн. АҚШ доллары).

    Оның ішінде экспорт 486,6 млн.АҚШ долларын (1 870,5 мың тонна) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,2% - ға артық (285,9 млн. АҚШ доллары, 1 113,8 мың тонна).

    Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.

    2026 жылғы қаңтар-сәуірде облыстық азық-түлік өндірісінің көлемі ақшалай түрде 129,2 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 105,7%.

    Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар облыстық өнеркәсіп өндірісінің 39%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 47% -ын. өндірді.

    Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 29% (37,8 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 14% (18,0 млрд. теңге), май саласы 14% (17,5 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру 9,0% (11,3 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 8,0% (10,8 млрд. теңге), басқа да өнімдер өндірісі 26% (33,8 млрд.теңге).

    Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2026 жылғы қаңтар-сәуірде өндірілді: - сүт пен кілегей 59 848 тонна, өткен жылдың деңгейінен 3,5% төмен; - сары май 2 044 тонна, өткен жылғы деңгейден 10,4% артық; - ірімшік пен сүзбе 1 864 тонна, өткен жылғы деңгейден 2,1% артық; - ашыған сүт өнімдері 7 456 тонна, өткен жылдың деңгейінен 22,3% артық; - құрғақ сүт 2 тонна, өткен жылдың деңгейінен 82,9% төмен.

    ҚР АӨСШК Ұлттық статистика бюросының және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2026 жылғы қаңтар-ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында АӨК өнімдерінің сыртқы сауда айналымы 133,4 млн.АҚШ долларын құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңнен 72,1% - ға артық (77,5 млн. АҚШ доллары).

    Оның ішінде экспорт 111,2 млн.АҚШ долларын (965,5 мың тонна) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,9% - ға артық (59,5 млн. АҚШ доллары, 250 мың тонна).