Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, І және ІІ Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға берілетін жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны, банкрот салдарынан заңды тұлғалар қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдер, инфляция деңгейі есебімен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинағы сомасы арасындағы айырмашылықты төлемін тағайындау, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан бір жасқа дейінгі күтім бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау, бала кезінен бірінші топтағы кәмелет жасқа толған мүгедектерге күтім көрсететін адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау.