№ 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды (№1 және № 2 тізімдер бойынша) тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы, төлемді өзгерту, мөлшерін арттыру туралы, төлемді тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату туралы) туралы шешім қабылдайды. Өз өкілеттігі шегінде зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Өз өкілеттігі шегінде республикалық бюджет қаражатынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуіне бақылауды жүзеге асырады. № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызмет саласына қолданыстағы заңнамамен жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті органдармен және қызметтермен өзара іс-қимыл жасайды.