№ 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

    Функциялары: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, атап айтқанда: жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету; базалық зейнетақы төлемін тағайындау; мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылар; асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты әлеуметтік жәрдемақылар; арнайы жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы; І топтағы мүгедекке күтім жасайтын тұлғаға жәрдемақы; бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар; жерлеуге арналған біржолғы төлем; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдері бойынша капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін азаматтарға ай сайынғы төлем түрінде әлеуметтік көмек тағайындау; инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының нақты енгізілген сомасы мен зейнетақы жинақтары сомасының арасындағы айырманы төлеу (мемлекеттік кепілдік); көп балалы аналарға тағайындалатын жәрдемақыны есептеу; «Көп балалы отбасы» жәрдемақысын тағайындау; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру.