№2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау не тағайындаудан бас тарту жөніндегі қызметті жүзеге асырады; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ай сайынғы төлемдерді; Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыны; бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлемдерді алушыларға зейнетақы жарналарын субсидиялау; бойынша төлемдер, жерлеуге арналған біржолғы төлемдер; зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру; азаматтар мен ұйымдардың жазбаша өтініштерінің уақтылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету, РБ-дан зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша есептілік пен ақпарат жасау, зейнетақы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау; Департаменттің тапсырмасы бойынша сотта және басқа ұйымдарда зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша өкілдікті жүзеге асыру. Өз өкілеттігі шегінде зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңдардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Зейнетақы заңнамасын, оның ішінде БАҚ арқылы түсіндіру.