Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Мақсаты:
-жолаушылар тасымалы деңгейін арттыру және автомобиль инфрақұрылымы деңгейін дамыту.
Өкілеттіктері:
1) құқықтары мен міндеттері:
- жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру;
- қалаішілік автомобиль жолдарын салу және оларды күтіп ұстау, мемлекеттік конкурыстық негізде ағымдағы, шұңқырлы, күрделі жөндеу жүргізу, конкурыс женімпаздарымен шарттар жасасу, маршруттарды, автобус аялдамаларын айқындау.
мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
- аудан әкіміне жергілікті инфрақұрылымды дамытудың мақсаттары, басымдықтары мен стратегиялары бойынша ұсыныстар енгізу;
- тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру мәселелері кеңестерге қатысу;
- әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша анықтама, ақпарат және баяндамалар жасау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге жүктелген өзгеде құқықтарды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен аудан әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.
Функциялары:
- жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту жоспарымен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша бақылауды жүзеге асыру;
- жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау маршрутына қызмет көрсету бойынша бақылауды үйлестіру және жүзеге асыру;