«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімі
Жолаушылар көлігі бөлімі "Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және облыс аумағында жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
Жолаушылар көлігі бөлімі "Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және облыс аумағында жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
Облысішілік және қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын уақтылы әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
Жетекшілік ететін салаға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобаларды, жобалық кеңселерді, басқа да бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға бағытталған жұмысты жүзеге асырады;
Автобустардың, шағын автобустардың, теміржол көлігінің, әуе көлігінің белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Жолаушылар мен багажды автомобиль, теміржол, әуе және су көлігімен тасымалдаудың көлік процесін жетілдіру және дамыту бойынша облыс тасымалдаушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Құзыреті шегінде тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді уақтылы әзірлеуді және тапсыруды қамтамасыз етеді;
Жергілікті бюджеттен субсидиялау көлемі бойынша ұсыныстар енгізеді;
Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар мен багажды теміржолмен тасымалдауды және конкурстар өткізу арқылы жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыруға қатысады;
Жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысішілік автомобиль тасымалдарына қызмет көрсету құқығына арналған ашық конкурстарды дайындауға және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерін ресімдеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыруға қатысады;
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерін әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, іске асыру барысы мен олардың орындалуына одан әрі бақылауды жүзеге асырады;
Облыс әкімінің қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда облыс әкімінің орынбасары жанынан жұмыс кеңестерін дайындау, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерінің сақталуын, әкімшілік рәсімдердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;