Жолаушылар көлігі бөлімі

    Жолаушылар көлігі бөлімі

    Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ауданаралық қатынастарды айқындайды. Жолаушылар көлігі бөлімінің міндеті - жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, сондай-ақ жолаушылар көлігі саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерді мониторингілеу және талдау. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізеді. Автовокзалдар мен автостанциялардың, сондай-ақ жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады.