Ана мен бала денсаулығын қорғау және вакциналармен қамтамасыз ету бөлімі
Негізгі міндеттері
Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Емдеу-сауықтыру ұйымдарының акушер-гинекология және педиатрия салаларына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау.
Бөлім функциялары
Емдеу-сауықтыру ұйымдарының акушер-гинекология және педиатрия салаларына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау;
Аймақтық бағдарламалар мен денсаулық сақтау кешенді жоспарындағы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімін дайындау;
МСЭҚД-мен бірлесіп жұқпалы аурулар, соның ішінде ұрық ішіндегі және аурухана ішінде ауру жұқтыруларды болдырмау және азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарын дайындау және жоспарда қарастырылған шаралардың толық, уақытында орындалуына бақылау жасау;
Медициналық ұйымдардың акушер-гинекологиялық және педиатриялық салалар жұмыстары негізгі көрсеткіштеріне талдау жасау, әрі қарай мемлекеттік тапсырысы бар амбулаторлы-емханалық және стационарлық ұйымдардағы науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша шараларды дайындау;
Денсаулық сақтау министрлігіне, облыс әкімі аппаратына және басқа да ведомстваларға кезең-кезеңімен есептер тапсыру;
Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жаңа ғылымдар мен техникалар жетістіктерін енгізуге ықпал жасау;
Қызметтік бақылау және практикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмектер көрсету үшін мамандардың облыстық ұйымдарға, аудандарға шығуын ұйымдастыру;
ЕСҰ алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибелерін анықтау, жинақтау және наихаттау;
Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру мониторингі;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру сұрақтары бойынша МЕҰ-мен қызмет жасау;
Қайта қалпына келтіру шаралары профилактикасы мен ұйымдастыру сұрақтары бойынша бірлескен жоспарларды даярлауға қатысу, білім, еңбек және әлеуметтік қорғау, қорғаныс істері бойынша департаменттерімен сектораралық өзара жұмыс;
Акушер-гинекологтар мен педиатрлар отырысы, конференция, семинарлар ұйымдастыру жолдарымен медициналық персоналдарды кәсіби даярлығын көтеруге ықпал жсау;
Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері бойынша материалдар, алқа отырысы, емдеу-профилактикалық Кеңес қаулыларын дайындау;
Жоғарғы ұйымдардың бұйрықтары, өкімдері, нұсқайлық-әдістемелік ұсынымдарын уақытында мамандарға жеткізу және мезгілінде орындалуына бақылау жасау;
Ана өлімі болу қаупі бар жүктілерге, босанатын және босанған аналарға медициналық көмек көрсету бойынша шешімдер қабылдау консилиумына қатысу;
Азаматтарды жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға жолдау үшін медициналық құжаттар дайындау.