"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" ММ-нің жануарлар дүниесін қорғау және реттеу бөлімі

    Жануарлар дүниесін қорғау және реттеу бөлімі

    Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту;

    Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер қабылдау;

    Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

    Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    Екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру.