Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Есеп беру және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру;
Медициналық бұйымдарды, санитарлық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру;
Үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың түйінді топтары үшін азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін сатып алуды жүзеге асыру;
Гигиеналық оқытуды ұйымдастыруға, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттауға және қалыптастыруға қатысу;
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысу;
Халыққа профилактикалық егулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу.