Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімі

    Жалпы ақпарат
      • аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз ету, әкімдік отырыстары мен әкімдер және олардың орынбасарлары өткізетін өзге де іс-шараларға ақпараттық-талдамалық талдау жүргізу;
      • аудан әкімі тапсырмаларының бөлім басшылары, ұйымдар және ауылдық округтер әкімдері тарапынан орындалуына бақылау жасау және олардың орындалу барысы туралы аудан әкіміне ақпарат беру;
      • аудан әкімінің тұрғындармен және депутаттармен есептік кездесулерін дайындау;
      • әкімдік отырыстарын ұйымдастыру, хаттамаларын әзірлеу;
      • барлық деңгейдегі сайлауларды өткізу мәселелері;
      • ауылдық округтер әкімдерінің жұмысын ұйымдастыру;
      • бөлім қызметкерлеріне жалпы басшылық жасау;
      • әлеуметтік-экономикалық бағыт бойынша ауданның стратегиялық даму жоспарына ұсыныстар әзірлеу және енгізуге қатысу;
      • аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді орындау;
      • аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауаптар дайындау;
      • аудан әкімі мен әкімдік қаулыларының тіркелуі мен орындалуына бақылау жасау;
      • мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша апта сайынғы, ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерге бақылау жүргізу;
      • аудан әкімдігінің интернет-ресурсының жұмысына бақылау жасау;
      • қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық шараларды орындайтын ұйымдар мен органдардың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ қылмыстық жазадан босатылған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету мәселелері жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыруға бақылау жүргізу;

      кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы комиссия жұмысының ұйымдастырылуына бақылау жасау.