Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және өңірлік бақылау бөлімі
Функциялары:
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалар мен аудандардың әкімдері аппараттарына және облыстың мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінің, облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу;
- қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйін зерделеу және талдау, одан әрі дамуды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- қалалардың және аудандардың әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу;
- Аппарат жұмысын жоспарлауды қамтамасыз ету; қалалар мен аудандардың әкімдерімен, облыстық басқармалар мен аумақтық мемлекеттік органдардың (келісім бойынша), ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларымен кеңес, оның ішінде селекторлық режимде өткізуді дайындау; облыс әкімінің қалаларға және аудандарға жұмыс сапарларын ұйымдастыру;
- Бөлімнің өкілеттіктері шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді орындау.