Ұйымдастыру жұмысы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім:

    Қала әкімінің қалалық өкілді және атқарушы органдарымен, кент әкімі аппараттарымен, дербес бөлімдермен ұйымдастыру және ақпараттық байланысын жүзеге асырады.

    Қала әкімі жанындағы аппараттық кеңеске шығарылатын мәселелерді қарауға ұсынады.

    Қала әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып, қала әкімі аппараты мен қала әкімі қызметінің жылдық, айлы және апталық жұмыс жоспарларын құрады.

    Қаланы әкімшілік – аумақтық орналастыру, атқарушы үкімет органдарының жұмысын жетілдіру, басқаруды оңтайландыру және оларды күтуге жұмсалатын қаражатты азайту мақсатында олардың құрылымын өзгерту мәселелері бойынша материалдар дайындайды.

    Қазақстан Республикасының Парламентіне және жергілікті өкілді органдарға сайлауды ұйымдастырушылық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету, референдум өткізу жөнінде құжаттар дайындайды.

    Халықтың есебін жүргізетін органдар ұсынатын мәліметтер негізінде қала бойынша сайлаушылар тізімін жасау үшін мәліметтер базасын толтыруды және оны қалыпты ұстауды ұйымдастырады.

    Қала әкімі аппараты бөлімдерінің және дербес бөлімдердің республиканың өзге облыстарынан, алыс және жақын шетелдерден келген делегацияларды қарсы алу, облыс әкімінің және оның орынбасарларының жұмыс бабымен келуі жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді, қалалық кеңестер мен іс-шаралардың ұйымдастырылып өтуін қамтамасыз етеді.

    Бөлімге келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарастырады.

    Қала әкімі жанындағы дербес бөлімдермен, кент әкімі аппараттарымен бөлім құзырлығына жататын мәселелер бойынша өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.

    Елде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру, өткен жылы қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуы, міндеттер мен оның бұдан әрі дамуының негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттандыру үшін қала әкімінің халықпен жыл сайынғы есеп беру кездесулерін дайындайды және оны өткізуді ұйымдастырады.

    Қала әкімінің тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

    Қала әкімдігі өткізетін кеңестерді, қала әкімдігінің қатысуымен өтетін қалалық іс-шараларды дайындауды үйлестіреді.

    Мемлекеттік наградалармен, қала әкімінің құрмет грамотасымен, алғыс хатымен марапаттау туралы құжаттарды дайындайды.