Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратыныңұйымдастыружәнебақылау жұмысыбөлімінің қызметі:

    Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

    Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

    Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін құрылымдық бөлімшенің бас инспекторларының немесе бас мамандарының бірі орындайды.

    Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

    Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өздеріне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпейді.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.