Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі
Наурызбай ауданы әкімі аппаратыныңұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімініңЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, әкім аппаратының басшысына бағынады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі.
- Бөлім құралады:
1) бөлім басшысынан;
2) бас инспектордан;
3) бас маманнан;
- Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеті : жиналыстардың хаттамалық - ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру, атқарылған жұмыстар мен жұмыс жоспарларын жинақтау.
Функциялар:
- аудан әкімі өткізетін іс-шараларды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, кеңестерді, отырыстарды ұйымдастыру.
- әкімнің тапсырмалары бойынша ақпарат және анықтамалық материалдар, презентациялар дайындап ұсыну.
3) бақылаудағы құжаттар мен тапсырмалардың орындалу барысы бойынша аудан әкімін уақытында ақпараттандыру.
4) мәжілістерді, активтерді, есептік кездесулерді әзірлеу және оларға қатысу, әкімнің халықпен өткізетін есептік кездесулерінің іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалауды жүзеге асыру.
5) аудан әкімі аппараты бөлімдерінің тоқсандық, жылдық есептері мен жұмыс жоспарларын жинақтау.
- Міндеті: аудан әкімінің халықпен кездесулерін ұйымдастыру
Функциялар:
1) аудан әкімінің халықпен кездесулерін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету.
2) әкімнің халықпен кездесуі туралы хабарландыруды ұйымдастыру.
3) аудан әкімі аппаратына келіп түскен тұрғындардан өтініштер мен ұсыныстарды жинақтау және талдау.
4) аудан әкімінің халықпен кездесуі кезіндегі хаттамалық тапсырмаларының дайындалуын және орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.
5) проблемалық мәселелер тізбесін және оларды шешу бойынша ұсыныстарды жинау.
- Міндеті: азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру.
Функциялар:
- аудан әкіміне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша талдамалық анықтамалар мен ақпараттар ұсынады.
- бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің және орынбасарларының, аппарат басшысының жеке қабылдауын ұйымдастыру.
- Міндеті: бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу.
Функциялар:
1) аудан әкімі аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты ұйымдастыру.
2) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті ақпаратты дайындау және ұсыну.
3) әкім аппаратының ресми әлеуметтік желілерін жүргізу, келіп түскен өтініштерге тиісті жауап беруді қамтамасыз ету, тұрақты мониторинг жүргізу.
- Міндет : Сайлау өткізу кезінде аудандық сайлау комиссиясын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) сайлау комиссияларына сайлау өткізу үшін дайындық және оны өткізуге көмек көрсету.
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте сайлау учаскелерін жабдықтауға көмек көрсету.
- Құқықтары мен міндеттері:
- Бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша аудан басшылығына ұсыныстар енгізуге.
- Қазақстан Республикасының заңдары және осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін аудандық құрылымдық бөлімшелерден қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ақпараттар мен өзге де мәліметтерді сұратуға.
- Басқа мемлекеттік органдардың іс-шараларына қатысуға.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтай отырып, заңдылық қағидасын басшылыққа алуға.
- Ұйымдастыру және бақылау жұмысы
бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.