«Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесі

    Жалпы ақпарат

    «Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесіне байланысты мәселелерді үйлестіру, аудан әкімінің, аппарат басшысының тапсырмаларын орындау. Аудан әкімінің жұмысын жергілікті өкілетті органдармен, ауылдық округ әкімдіктерімен ұйымдастыру және байланыс жүргізу. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін аудандық іс-шараларға дайындығын және өткізілуін ұйымдастыру. Аудан әкімінің тоқсан сайынғы есепті баяндамасын тиісті бөлімдермен бірлесе отырып дайындалуын, есеп беру кестесінің жасалуын және есеп беру кезіндегі мәліметтерді жинақтап, облыс әкімінің бас инспекторына жіберілуін қадағалау. Әкімдік отырыстарында мәселе ұсыну және дайындауға қатысу, аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентіне және жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруын қадағалайды.