Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі "Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі "Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Міндет:
басқарманың ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыру;
Функциялары:
1) құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) Қызметтік хат-хабарларды тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
3) мемлекеттік тілдің қолданылуын бақылауды жүзеге асыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, Жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, құжаттарды бақылаудан уақтылы алуды жүзеге асыру. Бақылау құжаттарын орындау мерзімдерінде ауытқулар туралы деректерді талдауды дайындау;
7) ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты ұйымдастыру.
Міндет:
Басқарма қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Функциялары:
1) белгіленген тәртіппен сотта басқару мүдделерін білдіру;
2) басқарма әзірлейтін нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;
3) әзірлеуші басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру.