"Қамысты ауданы әкімінің аппараты" ММ
Жалпы ақпарат
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Аудан әкімінің және оның аппаратының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Аудан әкімінің өкілді және атқарушы билік органдарымен, кент әкімдерімен, құқық қорғау органдарымен, ауданның кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және қала әкімдігінің қаулыларының, облыс және қала әкімдерінің шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау жүйесін ұйымдастыру.