Ұйымдастыру-бақылау жұмыс бөлімі
1. Ауданда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша жұмысты талдау.
2. Аудандық деңгейде үйлестіру және мониторинг жолымен сайлау өткізудің мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету
3. Аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету
4. Әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Аудан әкімінің, әкімдіктің және аудан әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
6. Аудан әкімінің жұртшылықпен, аудандық өкілді органдармен, ауданның жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын, сондай-ақ облыс басшылығының тәсілдерін әзірлеуге байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыру.
7. Ауданның мемлекеттік органдарында облыс, аудан әкімінің құжаттарын, өкімдері мен тапсырмаларын орындау жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға кандидатураларды іріктеу және ұсыну, марапаттау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау және марапаттау заңнамасын жүзеге асыруға жәрдемдесу