Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлімнің негізгі мақсаттары: 1) Қазақстан Республикасындағы сайлау мен референдумдарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; 2) Ортсайлауком мен оның аппаратының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; 3) құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, бақылау және іске асыру; 4) іс қағаздарын жүргізуде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

    Бөлімді Ортсайлауком Төрағасымен келісім бойынша аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бөлім меңгерушісі басқарады.