Ұйымдастырушылық - бақылау жұмысы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мақсаты:

    1. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының, мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
    2. бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
    3. референдумдарды дайындау мен өткізуді, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;
    4. «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алқабиге кандидаттардың тізімдерін қалыптастыру бойынша жұмыс.

    Функциялары:

    1. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының, мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
    2. мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін құрылымдық бөлімшелерден, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты талап ету;
    3. құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалар үшін жоғары тұрған органдарға ақпарат ұсыну мерзімдері туралы ескертулер дайындау және олардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
    4. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының, мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуын бақылау бойынша мониторинг және талдау;
    5. қала әкімі аппараты мен әкімдігінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлеу;
    6. қала активтерінің жиналыстарын, қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімі мен аппарат басшысының кеңестерін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
    7. қала әкімінің халыққа есеп беру кездесулерін дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, азаматтардың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін жинақтау, сондай-ақ тиісті іс-шараларды әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау;
    8. әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, аппарат басшысының бұйрықтарын, бөлімнің қарамағындағы мәселелер бойынша ақпараттық материалдарды дайындау;
    9. сайлаушылардың электрондық базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу;
    10. сайлау учаскелері бөлінісінде сайлаушылардың тізімдерін жасау, оларды нақтылау және өзгерістер енгізу;
    11. Қостанай қаласы әкімдігінің сайлау учаскелерінің шекаралары туралы нормативтік құқықтық актісінің өзектілігін қамтамасыз ету;
    12. бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін сайлау материалдарын беруді қамтамасыз ету;
    13. алқабиге кандидаттардың бастапқы тізімдерін жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыру;
    14. бөлім қызметінің ерекшелігін ескере отырып, өзге де функцияларды жүзеге асырады.