Ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:

    1. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын, регламенттерін сақтауын қамтамасыз етуге бақылау;
    2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
    3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
    4. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолдану;
    5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интранет-порталын және басқа да ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
    6. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінен, орталық атқарушы органдардың актілерінен, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларынан, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін ақпараттық технологиялар саласы бойынша орындалуын қамтамасыз ету;
    7. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау және дамыту бойынша ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
    8. Бөлім мамандарымен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді, оған бақылау жасайды;
    9. Аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарларының әзірленуін және оның орындалуына бақылау жасайды;
    10. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына зерделеу жұмыстарын ұйымдастырады,
    11. Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен тапсырмаларына қатысты орындаушылық тәртіп туралы тоқсан сайын қорытынды жасайды;
    12. Бөлім туралы, бөлімге қатысты ақпараттар, қорытындылар және басқа да құжаттардың даярлауын қамтамасыз етеді;
    13. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
    14. Ауданға жұмыс іссапарлармен келетін лауазымды тұлғалар бойынша бағдарламалар жасақтайды;
    15. Референдум, сайлау өткізу шараларын дайындайды, оның өткізілуіне бақылау жасайды;
    16. Жеке және заңды тұлғалардан өтініштеріне жауап береді;
    17. Бөлім басшысы уақытша жұмыста болмаған жағдайда, оның міндетін бөлімінің бір маманы аппарат жетекшісінің келісімімен атқарады.