Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің функциялары:

    1. аудан әкімінде, аппарат басшысында кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
    2. аудан әкімінің ауылдық округтерге/кенттерге, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарларын ұйымдастыру;
    3. орталық атқарушы билік органдары басшыларының, аудан әкімінің, аппарат басшысының қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
    4. аудан әкімінің халық алдында кездесулерін, аудан әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есептерін ұйымдастыру және өткізу;
    5. аудан әкімдігінің отырыстарында, аудан әкімі жанындағы кеңейтілген аппараттық кеңестерде қарау үшін мәселелер тізбесін дайындау, аудан әкімінің, аудан әкімі аппараты басшысының төрағалығымен өтетін кеңестердің күн тәртібін жасау;
    6. мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аудан әкіміне, аппарат басшысына ауданды дамытудың өзекті мәселелері бойынша талдамалық және ақпараттық жазбалар дайындау;
    7. орталық атқарушы билік органдары басшыларының сапарларына, аудан әкімінің жұмыс сапарларына ақпараттық, анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау;
    8. бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарларын, негізгі іс-шаралардың ай сайынғы жоспарларын, аудан әкімінің апта сайынғы желілік іс-шаралар жоспарларын дайындау;
    9. аудан әкімдігінің отырыстарына, аудан әкімінің, аппарат басшысының қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындау, сондай-ақ өңірлік кеңестер мен қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыруға, дайындауға және өткізуге қатысу;
    10. материалдар дайындау және аудан әкімінің өңірлер бойынша жұмыс сапарларын ұйымдастыру, аудан әкімінің қатысуымен көшпелі кеңестер дайындау;
    11. республиканың басқа облыстарынан делегациялардың (қонақтардың) ауданға сапарларын дайындау және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
    12. аудан әкімінің қатысуымен аудандық селекторлық кеңестерді, аудан әкімдігінің отырыстарын, кеңейтілген кеңестерді дайындауды және өткізуді ұйымдастыру.
    13. ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы паспорттарын дайындауды қамтамасыз ету;
    14. ауданды дамытудың өзекті мәселелерін қалыптастыру және тұрақты жаңарту;
    15. жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық округтерге / кенттерге бас инспекторларды бекіту;
    16. жергілікті атқарушы органдардың өздеріне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу;
    17. қалалар мен аудандарға инспекциялық шығуларды, қалалар мен аудандар әкімдері мен әкімдіктерінің, олардың аппараттарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалардың қызметіне тұрақты кешенді және тақырыптық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
    18. аудан әкіміне, аппарат басшысына атқарушылық тәртіп бойынша қызметтік және талдамалық жазбалар дайындау;
    19. ОСК, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
    20. сайлау өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
    21. наградалық іс қағаздарын жүргізу;
    22. наградаларды ұйымдастыру;
    23. наградталғандарды есепке алу (наградталғандардың тиісті тізімін жүргізу);
    24. көп балалы аналар мен мемлекеттік награда бойынша наградтауға ұсынылған бірыңғай республикалық дерекқорды уақтылы толықтыру;
    25. жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеуге және енгізуге қатысу және оларды практикада қолдану;
    26. нормативтік құқықтық актілерді жариялау мақсатында аудан әкімшілігінің ресми сайтында электрондық нысанда орналастыру;
    27. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша ҚР заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдау;