Сайрам ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесі

    Жалпы ақпарат

    Сайрам ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің негізгі қызметі аудан әкімдігі мен аудан әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру және орындаушылық тәртібін, аудан әкімдігі, аудан әкімі актілерінің дайындалуы және орындалуын қамтамасыз ету. Аудан әкімінің қызметін, оның жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимылын ұйымдық-ақпараттық жағынан қамтамасыз ету. Аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру. Ауданәкімінің аудандардағы іс-сапары іс-шаралардың дайындығын тексеру, ұйымдастыру;
    Аудан әкімі қатысатын мәжілістердің, шаралардың материалдарын дайындауды, мәжілістер мен шараларға қатысушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру болып табылады.